Әлемдегі жаңалықтар оқиғасы

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майк Гиффордтың жаңа бейнеблогы шықты

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майк Гиффорд Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық, сауда және инвестициялық қатынастар туралы айтты.

Бұл 2019 to 2022 Johnson Conservative government кезінде жарияланды
Mike Gifford

Бейнеблогта Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық, сауда және инвестициялық қатынастар туралы айтылады. Бейнеблогта денсаулық сақтаудан бастап ауыл шаруашылығына дейін түрлі салалардағы ынтымақтастық тақырыптары қарастырылған. Қазақстанда іске қосылған және елдің тау-кен металлургиялық кешеніне назар аударатын Индустрия 4.0 технологияларын дамытуға ықпал ететін екі инновациялық жоба туралы да айтылады. Cонымен қатар блогта Қазақстандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) дамуының рөлі мен болашағы талқыланды.

Бейнеблогқа Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің Халықаралық сауда департаментінің басшысы Эдмунд Марлер, Satbayev University университетінің Директорлар кеңесінің мүшесі Санжар Кеттебеков және АХҚО Сотының тіркеушісі және аппарат басшысы Крис Кэмпбелл-Холт қатысты.

Майк Гиффорд, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі:

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы 25 жылдан астам уақытқа созылған сауда және инвестициялық қатынастарымыз жемісті болды, және менің ойымша бұл тек бастамасы.

Ұлыбритания Елшісінің бейнеблогы түрлі тақырыптағы бейнематериалдар сериясының бөлігі болып табылады. Алдыңғы бейнеблогтарда Майк Гиффорд Ұлыбританиядағы білім, ағылшын құқығы туралы айтып, Қазақстанда британдық бағдарлама бойынша оқитын мектеп оқушыларымен және Қазақстанда жұмыс істейтін британдық университеттердің түлектерімен кездесті.

Барлық бейнематериалдар Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің Facebook парақшасында орналастырылған

Updates to this page

13 қараша 2019 күні жарияланды